Аталған кездесулерді селолық округтарының Әкімдері ашып құқықтық кеңес беруге келген насихаттау тобы мүшелерімен және шараның күн тәртібімен таңыстырды.
Әр кездесуде: аудандық әділет басқармасының бастығы А.У.Айкенова акцияның басты мақсаты - село тұрғындарының құқықтық мәдениет деңгейін арттыру деп мәлімдей отыра, аудандық әділет басқармасы көрсететін мемлекеттік қызмет жайлы қысқаша шолу жасады.
Әділет басқармасы бастығының орынбасары Д.Г.Шибаева тұрғындардың назарына 2011ж. 26 желтоқсанда қабылданған ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексінің басты баптары жайлы хабарлады. Аудан нотариусы М.А.Кунуспекова ҚР «Нотариат туралы» Заңына енгілілген өзгерістер туралы ақпарат берді. Аудандық Заң кеңесінің адвокаттары Г.Т.Кульбекова мен М.Аухадиева адвокаттық қызмет туралы тұрғындарға қысқаша мәлімдеді.
Кездесулер барысында насихаттау тобы мүшелері село тұрғындарының сұрақтарына сапалы құқықтық кеңес, кепілдемелер берді.
Акция шеңберінде өткен кездесулерде барлығы 205 тұрғын қатысты, оның ішінде сұрақтар қойып, оларға қажетті кепілдеме мен түсініктеме алғандар саңы – 78.
Тұрғындарды көп мазалайтын сұрақтар тақырыптары: жылжымайтын мүлікке құқықтарын тіркеу саласы, оның ішінде уақытында сатып алу шартын жасамай қолхат арқылы иеленген тұрғын үйлеріне құқықтарын тіркеу, азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі оның ішінде әке болуды анықтау, жоғалған актлерді қалпына келтіру, азаматтық хал актілеріне түзетулер, өзгертулер тәртібі туралы, уақытында жеке басын растайтын құжаттарын рәсімдемеген тұрғындар ҚР азаматттығын алу тәртібі жайлы,
мұрагерлікті рәсімдеу, оның ішінде мұраға қықықтығын дәлелдейтін құжаттарындағы қателерді жойу тәсілі жайлы т.б.
Село тұрғындары алған кеңестерге ризашылығын білдіріп, мүмкін болса осындай шаралардың жиі ұйымдастырылуы жайлы ұсыным білдірді.
Бұқар-Жырау ауданының
Әділет басқармасы